Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жоспарланған келіссөздердің барысында өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі, соның ішінде Ауғанстан проблемасы бойынша, екі ұйымның арасындағы жұмысты тиімді үйлестіру мәселелерін, созылып кеткен қайшылықтарды бейбіт жолмен шешу жолдарын іздестіру, «Корфу үдерісін» ілгерілету мәселелерін және еуропалық қауіпсіздіктің келешектегі құрылысы жөніндегі диалогты, сондай-ақ өзара қызығушылық туғызатын басқа да бірқатар мәселелерді талқылау бар», деді ресми өкіл.
Оның айтуынша, Брюсселге сапары аясында Қ. Саудабаевтың Бельгия Корольдігінің, Еуропалық одақтың және НАТО-ның басшылығымен бірқатар кездесулері жоспарланған.