Қ. Саудабаев Р. Отынбаевамен телефон арқылы сөйлесті

АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат. Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Қырғызстан Республикасының Президенті Роза Отынбаевамен телефон арқылы сөйлесті,

деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында екіжақты қарым-қатынастың кең ауқымды мәселелері талқыға салынып, Орталық Азиядағы жағдай туралы пікір алмасты.

Тараптар Қырғызстанға әлеуметтік-экономикалық көмек көрсету жөніндегі жоғары деңгейдегі келісімдердің жүзеге асу барысын қарастырды.

Өз кезегінде Р. Отынбаева Қазақстан Президенті Н. Назарбаевқа тұрақты жәрдем мен қолдауы үшін, сонымен қатар ҚР ТЖМ арнайы ұшағының көмегімен биылғы 15 наурызда Қырғызстан азаматтарын Жапониядан алып шығарғаны үшін алғысын білдірді.

Көпжақты форматты өзара ықпалдастық, әсіресе Қазақстан төрағалық ететін ШЫҰ шеңберіндегі мәселелерді талқыға салған тараптар Астанада өтетін Ұйымның мерейтойлық Саммитіне дайындық барысын қарастырды.