деп хабарлады сыртқы істер ведомствосының баспасөз қызметінен.
"2011 жылдың 24 қаңтарында «Домодедово» әуежайында болған лаңкестік әрекеттері нәтижесінде бейбіт азаматтардың құрбан болғандығы туралы хабарды үлкен қайғымен қабылдадым. Қазақстан Республикасы лаңкестікке қарсы күресін және аталған зұлымдықты түбегейлі жою үшін әлемдік қауымдастықты нақты қадамдарға шақырады. Осы ланкестікті ұйымдастырушылар дер кезінде табылып, өз жазасын алады деп сенемін», - делінген жеделхатта.