Қ.Саудабаевтың Норвегиядағы кездесулерінде ядролық қауіп-қатерді таратпау мәселесіне айрықша көңіл бөлінді
Қ. Саудабаев Норвегия Стортингінің (Парламентінің) вице-президенті Марит Нюбак, «Парламентарийлер ядролық қаруды таратпау және қарусыздандыру үшін» (ПЯНР) халықаралық ұйымының жаһандық үйлестірушісі Алын Варэ, сондай-ақ танымал американ әртісі, ядролық қарусыздандыру үшін қозғалысының белсендісі Мартин Шинмен жүздесті.
Тараптар Қазақстан мен Норвегия ынтымақтастығының, әсіресе, екіжақты қарым-қатынасты тікелей байланыстыратын мәселелердің бірі ядролық қауіп-қатерді қысқарту мен таратпау саласына айрықша көңіл бөле отырып, жай-күйі мен келешегін талқылады.
«Мен Қазақстанға ядролық қарусыздандыру ісіндегі жүйелі үлесі үшін айрықша құрмет білдіремін», - деп атап көрсетті М.Нюбак.
Осы сапар барысында Ядролық қарусыз әлемнің Жалпыға ортақ декларациясы және «АТОМ» Жобасы сияқты Қазақстан Президентінің халықаралық бастамаларын ары қарай алға бастыру жоспарлары талқыланды.