К.Шәріпбаев «ҚазТрансГаз» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазТрансГаз» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып Қайрат Шәріпбаев тағайындалды.

Бұрын Қ. Шәріпбаев «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры қызметін атқарған.

Ал Рустам Сүлейманов «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры болды.

Шәріпбаев Қайрат Қаматайұлы 16.08.1963 жылы туған

Білімі: 1985 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтын, 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірді, саяси ғылымдардың кандидаты.

Жұмыс тәжірибесі: - 1985-1999 жж. - Алматы қаласының бизнес салаларында жұмыс; - 1999-2000 жж. - Тараз қаласының әкімінің орынбасары; - 2000-2001 жж. - «Дәуір» ЖАҚ директорлар кеңесінің төрағасы; - 2001-2004 жж. - «ҚазТрансГаз» ЖАҚ, «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ маркетинг бойынша бас директордың орынбасары, департамент директоры, басқарма басшысы; - 2005-2006 жж. - «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ кеңесшісі, коммерция бойынша басқару директоры; - 2006-2009 жж. - «Данко» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы; - 2009-2014 жж. - «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры (Басқарма Төрағасы); - 2014 жылдың қазан айынан бастап «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры (Басқарма Төрағасы), сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасының газ маркетингісі және тасымалдауы бойынша орынбасары қызметін атқарып келеді; - «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің мүшесі.

Марапаттары: - Энергетика және минералды ресурстар министрлігі «Амангелді газ кен орнын игергені үшін» (2004 ж.) - Құрмет грамотасы ; - «KazEnergy» заңды тұлғалар бірлестігі (2008 ж.) - Медаль; -«Құрмет» ордені (2010 ж.); - «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.) - Мерекелік медаль.

Сүлейманов Рустам Эдуардұлы 1973 жылы 4 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ. туған.

Білімі: Білімі жоғары. Алматы халық шаруашылығы институтын «Экономикалық кибернетика» мамандығы бойынша бітірді.

Жұмыс тәжірбиесі: Еңбек жолын 1994 жылы бастады. Коммерциялық құрылымдарда экономист, қаржы инспекторы болып жұмыс істеді.

Газ саласында 1997 жылдан бері еңбек етіп келеді.

1997-2000 ж. «Алаутрансгаз» ЖАҚ қаржы инспекциясын, қаржылық бақылау бөлімін, экономикалық бөлімдерді басқара отырып, түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2000-2002 ж. KTG «Distribution» ААҚ газбен жабдықтау жобасы жөніндегі жұмыс тобының консалтингтік менеджері, аймақтық менеджері болып қызмет етті.

2002 жылдың мамырынан бастап 2013 жылдың ақпанына дейін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ маркетинг және контрактілер департаментінің директоры. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Басқарма мүшесі болды.

2013 -2014 жж. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Басқарушы директоры (Басқарма мүшесі).

2014 жылдың қарашасынан 2015 жылдың ақпанына дейін - «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының даму жөніндегі орынбасары.

2015 жылдың ақпан айынан - «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының маркетинг және коммерция бойынша орынбасары (Басқарма мүшесі).

Марапаты: «KazEnergy» ЗТБ медалімен, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Құрмет грамотасымен марапатталған.