Қ.Тоқаев АҚШ-та түнгі клубтағы атысқа қатысты пікір білдірді
«Орландодағы қанды қырғын Исламдық радикализмнің тағы бір көрінісі», - деп жазды Сенат спикері Твиттердегі парақшасына.
Айта кетейік, АҚШ-тың Орландо қаласында түнгі клубта атыстан қаза тапқандар саны 50 адамға жетті. Ал 53 адам түрлі деңгейдегі жарақат алған, қазір олар аурухаға жатқызылды.
Дәрігерлердің айтуына қарағанда, олардың кейбірінің жағдайы ауыр.
Еске сала кетейік, Орландодағы түнгі клубта атыс болды. Соның салдарынан қаза тапқандардың саны 50 адамға жетіп отыр. Мұнан бөлек, 53 адам түрлі деңгейде жарақат алса, олардың кейбірінің жағдайы тым ауыр. Қаскөйдің 29 жастағы Омар Матин есімді жергілікті тұрғын екені де белгілі. Оның отбасы Ауғанстаннан көшіп келіпті. Ол бейберекет оқ атып, бірнеше адамды кепілдікке алған. Полиция 3 сағаттық атыстан кейін күдіктіні атып өлтірді. Билік бұл қылмысты лаңкестік әрекет деп бағалаған. Бірақ жергілікті сипаттағы немесе халықаралық деңгейдегі экстремизм екені әзірге белгісіз. Тергеу ісіне АҚШ-тың Федералдық барлау бюросы да қосылған.