Кездесу барысында Қазақстан-Башқұрт қарым-қатынастарын, оның ішінде өзара парламентаралық іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.
Қ.Тоқаев атап өткендей, башқұрт делегациясының келуі парламентаралық байланыстарды белсенділендіру тұрғысынан да, Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы жағынан да пайдалы болады. «Қазақстан мен Ресейді ең жақын, одақтастық және әріптестік қатынастар байланыстырады»,- деді төраға.
Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін барлық жағдай жасалғанын атап өте келіп, төраға бауырлас халықтар арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды нығайту жайында айтты.
Сенат қызметіне қатысты Қ.Тоқаев Қазақстан саяси жүйесіндегі жоғары заң шығару органының маңызды рөлін атап өтті.
Башқұртстан делегациясының басшысы төрағаны БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің Бас директоры қызметіне тағайындалуымен құттықтады.
К.Толкачев сондай-ақ Қазақстан-Ресей қатынастарын, парламентаралық өзара іс-қимылды нығайту, заң шығару саласындағы тәжірибе алмасу үшін Қазақстанға сапарының маңызды екенін атап өтті.