БҰҰ Өркениеттер альянсының Жоғары өкілі Нәсір Абд аль-Әзиз Ан-Насермен кездесуде қазіргі замандағы өте күрделі мәселелерді шешуге арналған діни және саяси көшбасшылардың үнқатысуы ерекше маңызды екені аталып өтілді. Жоғары өкіл жауыққан экстремизмге қарсы іс-қимылда, оның ішінде ол құбылыстың түпкі себебін анықтау және жою арқылы халықаралық қоғамдастықтың ұжымдық күш-жігерін қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Ол бейбітшілік пен тыныштық жолында діни қайраткерлер мен беделді саясаткерлердің бірлескен іс-қимылын ұйымдастырудағы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекші рөлін атап өтті. Дүниежүзілік буддистер қоғамдастығының Бас хатшысы Фаллоп Тайиаримен кездесудегі әңгіме барысында дінаралық форум жұмысының мәселелері талқыланды. Мейман Дүниежүзілік буддистер қоғамдастығының ұйымдық құрылымы мен қызметі туралы әңгімеледі. Оның айтуынша, Президент Н.Ә.Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін шақыру туралы бастамасына Қоғамдастық ерекше маңыз береді және оның жұмысына белсенді түрде қатысуға әзір.
19:46, 09 Маусым 2015
Қ.Тоқаев БҰҰ Өркениеттер альянсының Жоғары өкілімен және Дүниежүзілік буддистер қоғамдастығының Бас хатшысымен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы V дінаралық форумға келген делегациялар басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.