Қ.Тоқаев: ҚР-дың бейбітшіл, сындарлы сыртқы саясаты, ішкі тұрақтылығы - еліміздің халықаралық қауіпсіздікке қосқан елеулі үлесі (ФОТО)

None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстанның бейбітшіл, сындарлы сыртқы саясаты, орнықты экономикалық дамуға негізделген ішкі тұрақтылығы біздің елдің халықаралық қауіпсіздікке қосқан елеулі үлесі болып табылады. Бұл туралы Мәскеуге 2 күндік ресми сапары аясында өткен РФ СІМ Дипломатиялық Академиясының оқытушылық құрамы және тыңдаушыларымен кездесу барысында Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Қазақстан қысқа кезеңде бірқатар стратегиялық міндеттерді шеше білді. Әсіресе, біздің мемлекет өзінің халықаралық міндеттемелеріне жауаптылықпен қарайтын сенімді әріптес ретінде халықаралық аренаға танылды», - деп атап өтті Қ. Тоқаев. «Бұдан басқа, аумағы жағынан әлемде тоғызыншы орынды иеленетін ұзындығы 11 мың шақырымнан астам шекара заңды түрде ресімделді. Бұл күн тәртібінен көрші мемлекеттермен өзара қарым-қатынаста шекаралық дау-дамайдың туындауын болдырмауға, стратегиялық әріптестік пен өзара тиімді ынтымақтастықтың негізін қалауға мүмкіндік берді», - деп қосты ол.

Сенат төрағасы «Қазақстан ядролық қаруды таратпау режіміне өзінің бейілділігін мәлімдеді және қазіргі уақытта ядролық қарусыздану үшін жаһандық қозғалыста көшбасшы ретінде қаралатынын атап өтті».

«Біздің ел сыртқы саясатын көрші ел болсын, шалғай ел болсын, дау-дамайсыз қалыптастырып, олармен қатынасты достастық, тең құқықты, өзара түсіністік негізінде ұстай білді. Бұл саясат Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сәйкес келеді», - деді Қ. Тоқаев. «Қазақстанның бейбітшіл, сындарды сыртқы саясаты және орнықты экономикалық дамуға негізделген ішкі тұрақтылығы біздің елдің халықаралық қауіпіздікке қосқан елеулі үлесі болып табылады», - деп атап өтті ол.