Қ.Тоқаев теннисші Кирилл Герасименконы Рио-2016 ойындарына жолдама алуымен құттықтады

АСТАНА.ҚазАқпарат - Сенат спикері, ҚР үстел теннисі Федерациясы кеңесінің төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев спорт шебері Кирилл Герасименконы Гонконгтағы үстел теннисі бойынша іріктеу кезеңіндегі жеңісімен және Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына жолдама алуымен құттықтады.

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлағандай, Қ.Тоқаев қазақстандық теннисшілерге жаңа жеңістер мен Олимпиадада жақсы жетістіктерге жетуін тіледі.

16 сәуірде астаналық Кирилл Герасименко белгілі гонконг спортшысы Джианг Тияниді (JIANG Tianyi, әлемдік рейтингте 55-ші орында) 4:0 есебімен жеңді.