Қ.Тоқаев түрік халқына көңіл айтты
11:04, 29 Маусым 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Ыстамбұлда болған лаңкестікке байланысты түрік халқына көңіл айтты.
«Түркияда тағы бір зұламат орын алды, Ыстамбұл әуежайында көп адам қаза тапты және жарақаттанды. Түрік халқына көңіл айтамын!» - деп жазды Қ.Тоқаев өзінің Твиттерінде.