«Түрік әскери әуе күштерінің ресейлік бомбалаушы ұшағын негізсіз атып түсіруі - екіжақты қарым-қатынас үшін аса ауыр салдары болуы мүмкін күрделі оқиға», - деп жазады Қ. Тоқаев.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Түркия мен Сирия шекарасында түрік әскери әуе күштері ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсірген болатын. Бұл ақпаратты Ресей президенті Владимир Путин де, Түркия басшысы Реджеп Тайып Ердоған да растады.