деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында екіжақты қатыныстарды, оның ішінде парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.
Қазақстан-Британ ынтымақтастығының жоғары деңгейін атап өте келіп, Қ.Тоқаев Қазақстан Ұлыбританиямен экономикалық және саяси үнқатысуды одан әрі нығайтуға мүдделі екеніне тоқталды.
Парламентаралық байланыстар мемлекетаралық қатынастардың маңызды құрамы. Екі елдің Парламенттерінде достық топтары жұмыс істейді.
Қазақстан мен Британ парламентшілерінің ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея аясында өзара табысты іс- қимылын атап өте келіп, төраға биылғы 30 қарашада ЕҚЫҰ ПА Бюросының отырысы өтетіні туралы хабардар етті.
Д.Моран сондай-ақ ынтымақтастықтың барлық салаларын одан әрі белсенділендіру және парламентаралық үнқатысуды қалыптастыру жайында айтты.