Қ.Тоқаев В.Матвиенкоға ресейлік азаматтардың Мысыр елінде әуе апатынан қаза табуына байланысты көңіл айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенкоға ресейлік азаматтардың Мысыр елінде әуе апатынан қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметінен хабарлады.