Қ.Төрегелдиевке қол қою парақтары берілді - ҚР ОСК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда Қанат Төрегелдиевке өз кандидатурасын қолдау қолдарын жинау үшін қол қою парақтарын беру туралы қаулы жобасы қаралды.

«Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Қанаш Сыбашұлы Төрегелдиевтің Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу туралы қаулы жобасын ұсынып отырмын. Қаулы бойынша, біріншіден, Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Қанат Төрегелдиев Қазақстан Республикасы Конституциясының және «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» заңның талаптарына сәйкес екені белгіленді. Қ.Төрегелдиевке Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттығын қолдап қол жинау үшін қол қою парақтары берілсін», - деді қаулы жобасын таныстырған ҚР ОСК хатшысы Бақыт Мелдешев.

ҚР ОСК мүшелері бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.