Кездесу барысында ОСК төрағасы халықаралық байқаушыларды Орталық сайлау комиссиясының президенттік сайлауды әзірлеу және өткізу жөніндегі қызметімен таныстырып, сайлау науқанының ерекшеліктері, дауыс беру күніне дайындық барысы туралы айтып берді. Сонымен қатар ол Қазақстанға еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ұсынуымен аккредиттелген мыңнан астам халықаралық байқаушы мен шетелдік БАҚ өкілдері келгенін атап өтті.
«Бүгінгі таңда бізде 9741 сайлау учаскесі сайлауға толық дайын. Кадрлық, материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілді. Сайлаушылардың тізімі түзілді. Мұның барлығы жасалды және біз сайлаушылардың өздерінің сайлау құқықтарын жүзеге асыруы үшін дайынбыз», - деді Қ.Тұрғанқұлов.
Айта кетейік, кездесуге Беларусь тарабынан аталған елдің Сайлау және республикалық референдумдар өткізу жөніндегі орталық комиссиясының төрайымы Лидия Ермошина, комиссия мүшесі Светлана Кацуба, Беларусьтың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елбасы Анатолий Ничкасов қатысты.