«Қазір ғана Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясымен кездестім. Маған барлық сайлау учаскелердің алдағы сайлау науқанына толығымен дайын екендігін айтты. Ең бастысы, дауыс беруге құқы бар әрбір қазақстандықтың сайлауға қатысуы барынша маңызды», - деді ол кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбаты барысында.
Ол дауыс беру күнінде Астананың бірқатар сайлау учаскесінде болатындығын атап өтті. Сонымен қатар техникалық тұрғыда мүмкіндік туындап жатса, елордаға жақын елді мекендердегі сайлау процесін барып та көретіндігін айтты.
«Сайлаудың ең біріншіден саяси мәні бар болғанымен қаржылық жағдайды да қаперге алған орынды. Егер, қаржы үнемдеу мақсатында сайлауларды біріктіру қажет болса, онда мұндай қадамға барған жөн. Латвияда да бұл тәжірибе қолданылған», - деді Ц.Арнис.