Кездесу барысында Қ.Тұрғанқұлов электораттық кезеңдегі Орталық сайлау комиссиясының жұмысы, дауыс беру күніне сайлау органдарының дайындығы туралы айтып берді.
Кездесуге қатысушылар екі елдің сайлау органдарының қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ ҚР ОСК мен РФ ОСК арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері жөнінде пікір алмасты.
В.Чуров ҚР Орталық сайлау комиссиясының басшылығына шақыруы үшін ризашылығын білдірді және сайлау науқанының табысты өтуін тіледі.
«Республика өміріндегі Президент сайлауы сияқты жауапты ішкі саяси шараның толығымен заңнама нормаларына және халықаралық демократиялық қағидаттарға сәйкес өткізілуі өте маңызды, өйткені бұл - қазақстандық қоғамның тұрақты даму жолында кезекті елеулі қадам», - деп атап өтті ол.
Өз кезегінде, Қ. Тұрғанқұлов ресейлік делегацияға сайлауды байқауда табыс тіледі.