Отырысқа РФ Мемлекеттік думасының Төрағасы Сергей Нарышкин, ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжа, сонымен бірге ҰҚШҰ ПА кеңесінің тұрақты мүшелері - ҰҚШҰ мүше елдердің парламент жетекшілері қатысты.
Қазақстандық тарапты ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов, ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің Комитет төрағасы Мәулен Сағатханұлы таныстырды. Отырыс барысында ҰҚШҰ ПА Кеңесінің мүшелері ЕҚЫҰ ПА-ның 28 маусым-2 шілдеде Бакуде өткен жазғы сессиясының қорытындысын талқылады. Армения Ұлттық Жиналысы делегациясымен Оңтүстік Кавказдағы жағдай туралы баяндама таныстырылды.
Ауғанстанның «Волеси Джирга» төменгі палатасының төрағасы Абдул Рауф Ибрагими президент сайлауынан кейінгі Ауғанстандағы жағдай туралы ақпараттандырды. Өз кезегінде ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы оның Ауғанстанның саяси өміріндегі маңызы оқиға екенін атап өтті. Елдің тарихында алғаш рет бейбіт түрде билік ауысты. Соған байланысты ол ауған халқына өз құттықтауын жеткізді.
Қ.Жақыпов Қазақстанның Ауғанстанмен ынтымақтастыққа, соның ішінде экономикалық өзара әрекеттестік, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы байланысын нығайтуға көп көңіл бөлетінін атап өтті. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстанда ауған жастары үшін 2010 жылдан 2020 жылға дейін 50 млн. АҚШ доллары сомасында бейбіт мамандықтар бойынша 1000 маманды дайындайтын білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда.
«Қазіргі уақытта Қазақстанда 11 мамандық бойынша Ауғанстанның 70 азаматы білім алуда. Олар қысқа мерзімді курстар емес, олар жетекші жоғары оқу орындары - медициналық, полициялық және басқа академиялар», - деді Қ.Жақыпов. «Қазақстан жыл сайын Ауғанстанға азық-түлік жеткізіп көмектеседі. Ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында табиғи апаттан зардап шеккен Бадахшан және Джаузджан провинцияларының халқына 43 вагон азық-түлік пен қыркүйек айында 16 вагон азық-түлік пен жылы киімдер жөнелтілді»,- деп қосты ол.
Мәжіліс Төрағасының сөзіне қарағанда, ҚР Парламентінде «Ресми көмек көрсетуді дамыту туралы» заң дайындаған. Ол шетелдік елдермен қаржылай, техникалық және басқа да қолдау көрсету арқылы реципиент мемлекеттердің әлеуметтік-экномикалық дамуына бағытталған.
«Біз ол қабылданғаннан кейін біздің елдің Ауғанстанға ресми көмегі әлдеқайда жүйелі және ұзақ мерзімді болады деп сенеміз. ҰҚШҰ елдеріне ресми көмек саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру маңызды болар еді», - деп атап өтті Қ.Жақыпов.