Тараптар атап өткендей, Қазақстан мен Беларусьте сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салаларда өзара іс-қимылды нығайтудың мүмкіндігі мол. Интеграциялық үдерістерді есепке ала отырып, парламентаралық өзара іс-қимылды алға жылжытуға көп көңіл бөлінді. «Қазақстан Беларусь үшін сенімді дос, серіктес және одақтас. Біздің ынтымақтастығымыз тиімді дамуы үшін парламентаралық механизмдер септігін тигізеді», - деп атап өтті В.Андрейченко.
Қ.Жақыпов пен В.Андрейченко ҚР Парламенті Мәжілісі мен Беларусь Ұлттық жиналысы өкілдері Палатасы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою мүмкіндігін талқылады. Қ.Жақыпов атап өткендей, интеграциялық үрдістерде парламентаралық ынтымақтастық рөлі артуда.
ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Беларусь Республикасының Ұлттық жиналысының өкілдері Палатасының спикерін ресми сапармен Қазақстанға келуге шақырды.