Естеріңізге сала кетейік, вице-спикердің бұрынғы орынбасары Бақтықожа Ізмұхамбетов Президент жарлығымен Атырау облысының әкімі қызметіне тағайындалған болатын.
«Конституцияның 58-бабы, 3-тармағына сәйкес Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасарын палата төрағасы ұсынады. Сондықтан да «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Заңға сәйкес Мәжіліс төрағасының орынбасары қызметіне депутат Қ. Жақыповтың кандидатурасын ұсынамын»,-деді спикер Нұрлан Нығматулин.
Осыған орай палата депутаттары төраға ұсынған кандидатураға ашық дауыс беріп, бірауыздан сайлады.
Еске сала кетейік, Қ. Жақыпов мемлекеттік қызметте көп жылдардан бері жұмыс істеп келеді. Ол бұған дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарған және 2007 жылдан бері Мәжіліс депутаты болып табылады.