Қ.Жамалиевтің ісіне қатысты басты сот талқылауы 15 маусымда жабық режімде өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта ҚР ҚК 126-бабы 2-бөлімінің 1-тармағы, 3-тармағы; 121-бабының 2-бөлімінің 1-тармағы; 194-бабы, 4-бөлімнің 2-тармағы бойынша қылмыстарға айыпталушы ретінде Жамалиев Қайрат Сартайұлына және ҚР ҚК 126-бабы 2-бөлімінің 1-тармағы, 3-тармағы; 194-бабы, 4-бөлімінің 2-тармағы бойынша қылмыстарға айыпталушы ретінде А.Прибытковке қатысты алдын ала тыңдау өтті, деп хабарлады Астана қаласы сотының баспасөз қызметінен.

Алдын ала тыңдау барысында сот бас соттық талқылауын 2015 жылғы 15 маусымда сағат 10.00-ге белгілеу туралы қаулы шығарды.

Алдын ала тыңдау барысында сотқа наразылық келтірілген жоқ. Қ.Жамалиевке қатысты істі тоқтату туралы, қылмыстық істі біріктіру, бөлу туралы қолдаухат түскен жоқ. Сотта Қ.Жамалиевтің адвокатының істі осы деңгейдегі басқа облыстық сотқа ауыстыру туралы және істі сот алды өндіріс барысында қылмыстық-іс жүргізу заңнамасында елеулі бұзушылықтар болғандықтан, прокурорға беру туралы қолдаухаты мәлімделді. Сот істі қарауда бұзушылық жоқтығын, істі тікелей қарап отырған судьяға қарсы наразылық мәлімделмегенін, объективтілік қағидатын сақтамағанын көрсететін деректер жоқ екендігін ескеріп, Қ.Жамалиевтің адвокаты мәлімдеген қолдаухатты қабылдамады. Сондай-ақ сот айыпкер А.Прибытковты қорғау тарапынан оған қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы қолдаухатты қабылдамады.