Қ. Жанаханов «Қазпресстің» бас директоры болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазпресс» ЖШС бас директоры болып Қайсар Жанаханов тағайындалды.

1972 жылы туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдады. Әр жылдары ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы, ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімі меңгерушісінің орынбасары, «KazEnergy» мұнай-газ және энергетика кешенінің Қазақстандық қауымдастық ұйымының атқарушы директоры, «Рауан Медиа Групп» АҚ ақпараттық сараптамалық орталығының директоры-бас директорының орынбасары, «НҰР-медиа» медиахолдингінің бас директоры, ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының баспасөз қызметінің басшысы болды.

2012 жылдың мамырынан - «Литер» қазақстандық газетінің бас редакторы, «Литер» ЖШС бас директоры.