Қ. Жаңаханов ҚР Парламенті Мәжілісі баспасөз қызметінің жетекшісі қызметіне тағайындалды

АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - Қайсар Жаңаханов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі аппараты баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды.

Бұған дейін ол «Астана» телеарнасының бас директоры болды.

Қ.Жаңаханов 1972 жылы 19 шілдеде туған. 1997 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «саясаттанушы» мамандығы бойынша бітірген. 2001-2004 жылдары ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің БАҚ департаментінің жетекші, бас маманы электрондық баспасөз бөлімінің бастығы. 2004 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің жұртшылықпен және баспасөзбен байланыс бөлімінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі. 2004-2006 жылдары - ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің   ақпарат және мұрағаттар комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы. 2006 жылы - ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2006-2007 жылдары - «KazEnergy» Қазақстандық мұнайгаз және энергетикалық кешені ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры. 2007 жылы - «Самұрық» Қазақстандық активтерді басқару холдингі» АҚ адам ресурстарын дамыту департаменті директорының орынбасары.

2007-2008 жылдары «Рауан Медиа Групп» АҚ бас директорының орынбасары - ақпараттық талдау орталығының директоры. 2008-2009 жылдары - «Арна-Медиа» ҰАХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2009-2011 жылдары «Нұр-Медиа» холдингінің бас директоры. 2011 жылғы желтоқсаннан «Астана» телеарнасының бас директоры қызметінде болды.