«Қалай десек те, өңірлік деңгейде бұзушылықтар көбірек кездеседі. Жоспарлау сапасын айтпағанның өзінде қаржылық бұзушылықтар әдетте инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында барынша көп. Жобалар қажетті 1-2 құжат тұрмақ кей кезде тіпті барлық құжаттар топтамасынсыз-ақ жүзеге асырылуы орын алып жатады және де бұл кемшіліктер барлық өңірге тән. Яғни, жобалар жобалық-сметалық құжатсыз, мемлекеттік сараптамасыз, техникалық ілеспе құжаттарсыз, авторлық қадағалаусыз жүзеге асырылады. Кейде жобаны жеке меншік жерде жүзеге асыру да кездесетіні бар», - деді Қ.Жаңбыршин.
Оның атап өтуінше, сонымен бір өңірлерде мемлекеттік сатып алулар барысында да бұзушылықтар жиі кездесіп жатады. Алайда, бұл мәселемен негізінен басқа мемлекеттік органдар айналысуы тиіс.