«Қа­рабатыр» агрофирмасының директоры Франция өнеркәсіп өндірісіне қолдау көрсету қауымдастығының Үл­кен алтын медалімен марапаттталды

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Қамысты ауданындағы «Қа­рабатыр» агрофирмасының директоры Жәзит Құдайқұл Франция өнеркәсіп өндірісіне қолдау көрсету қауымдастығының Үл­кен алтын медалімен наградталып, ол Парижде салтанатты түр­­де табыс етілді.

Медаль Фран­цияның мемлекеттік наградасы болып табылады. Бұл медальдің тарихы бар. Аталған қауымдас­тық халықаралық бизнеспен байланыс орнату үшін кезінде Наполеон Бонапарттың жарлы­ғы­мен құрылыпты. Ал 1868 жылы қауымдастықтың Үл­кен алтын медалі үздіктерді марапаттау үшін тағайындалған екен. Содан бері бұл жоғары наградамен француздың және шет­елдердің кәсіпкерлері, ға­лымдары, өнер қайраткерлері марапатталады. Наградаға үміт­керлікке қойылатын басты талап: жоғары кәсіби біліктілік және саладағы жаңашыл­дық. 1998 жылдан бастап бұл наг­ра­даға дамушы елдер де қол жет­кізе бастапты.

Жәзит Кәрімұлы еліміз на­рыққа көшкен жылдары бұрын­ғы шаруашылықты агрофирма етіп қайта құрып, өндірісті жа­ңа­ша ұйымдастырудың үлгісін көрсеткен болатын. Еліміздегі алғашқы фермердің шаруашы­лығы қанат жайды, соған сәй­кес тұрғындардың, ауыл еңбек­керлерінің әлеуметтік жағдайы да жақсарды. 1996 жылы оның бастамасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қолдап, озық тәжірибе өріс алған еді. 2000 жылы Жәзит Кәрімұлы Қазақ­станның «Жыл адамы» атанды. Еліміздің өзге марапаттарынан да кенде болған жоқ.

- Париждегі марапаттау қау­ымдастықтың үлкен сарайында өтті. Содан кейін Франция пар­ламентінің сенаторлары қабыл­дады, кешкісін салтанат Наполеон сарайында жалғасты, -дейді Жәзит Кәрімұлы.

Ж.Құдайқұл - Қостанайда Францияның жоғары наградасына ие болған екінші адам. Бі­ріншісі - А.Байтұрсынов атын­дағы Қостанай мемле­кет­тік уни­верситетінің бұрынғы ректоры, ғалым-металлург, бү­гінгі сенатор Хұсайын Валеев болатын, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.