АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылының «Жұлдыз» айналымынан Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаскесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы жүргізілетінін хабарлады.
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Осыған байланысты 10-15 шілде аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады.
Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша жүзеге асады.
«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмысын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз» дейді әкімдіктен.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.