Бұл туралы бүгін аталмыш сауалға қатысты өткен жиында Қазақстанның Ұлттық теле-радио хабарларын таратушылар қауымдастығы заң қызметінің басшысы Сергей Власенко мәлім етті.
«Бұл кабельдік телевизия операторларының сұрауы. Заңды орындау үшін оларға 6 ай дайындық қажет. Заң өте қатаң десе де болады, ол 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енбек. Егер осыған дейін операторлар шетелдік телеарналардан жарнаманы алып тастай алмаса, өздері жабылып қалады», - деп атап өтті ол тілшілерге берген сұхбатында.
Айта кетейік, «Телерадио хабарларын тарату туралы» жаңа заң 2016 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді. Ол бойынша, біздің елде қайта трансляцияланатын шетелдік телеарналарда жарнама болмауы тиіс. Жарнамаларды қиып отыруға қатысты жаңа міндет, отандық операторлардың мойнына жүктелуі ықтимал. Бұл өз кезегінде елдегі шағын және орта бизнестің дамуына күмәнмен қарауға итермелеуде, дейді қауымдастық өкілі.
«Заңның аталмыш нормасын орындау жарты айда техникалық тұрғыда мүмкін бе деген сауал туады. Бұл мерзім өте аз. Техникалық, қаржылық тұрғыда оны орындауға кемінде жарты жыл немесе бір жыл керек. Сонда ғана отандық операторлар нарығын сақтап қала аламыз», - деп атап өтті С.Власенко.
Өз кезегінде ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті басқарма жетекшісі Руслан Әбдіхалықов осы мәселеге қатысты министрліктің ұстанымы туралы айтып берді.
«Министрліктің ұстанымы мынадай - кабельдік операторлар қайсыбір жарнамаларды қиып отырулары міндетті емес болады. Себебі олар қайта трансляциялауды жүргізеді, сондықтан шетелдік контентті олар дайын күйінде алулары шарт. Мүмкін оларға жүгіртпе жолды орналастыру қалдырылады. Жарнама тек Қазақстанда тіркелген шетелдік телеарналарда болуы міндетті», - дейді ол.