Қабілетті адамдардың көбі ана сүтімен қоректенген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда тұңғыш рет бала емізетін аналардың кездесуі өтті. Аталған шараға 15-ке жуық ана қатысты, деп жазады Лада.kz.

Шараға жиналған аналар баланы емшек сүтімен асыраудың тәжірибелерімен бөлісіп, жалпы ана сүті туралы пікірлерін ортаға салды. Бұл туралы сәбиді ана сүтімен қоректендіруді қолдау тобын ұйымдастырушы Юлия Гордиевская айтып берді.

Ол шарада аналарға баланы дұрыс емізудің техникалары мен жолдары көрсетілгендігін бас айтты.

«Отырыста жас аналардың балаларын емшек сүтімен асырай отырып, жұмыс істеу мүмкіндіктері де айтылды. Осы сияқты жиындар әлем бойынша өткізіліп тұрады. Мұндағы мақсат ана сүтінің қадір-қасиетін насихаттау», - деді Юлия Гордиевская.

Айта кетейік, Лондон университеті ғалымдарының пайымынша, емшек емізу әлеуметтік сатымен жоғарылау ықтималдығын 24%-ға арттырады және әлеуметтік құлдырау тәуекелін 20%-ға төмендетеді. Зияткерлік қабілеті ерекше және сабырлы адамдар көбіне ана сүтімен қоректенген.

ФОТО: lada.kz