АЗЕРТАДЖ агенттігі хабарлағандай, ұшақ Мумбай-Лондон бағытында ұшып бара жатқан. Кабина ішінен шыққан түтінге байланысты әуе кемесінің командирі Баку әуежайына амалсыз жағдайда қону туралы шешім қабылдаған.
Ұшақ жерге ойдағыдай қонды. Қазір әуе кемесі Баку әуежайында техникалық тексерістен өтіп жатыр. Ұшақ бортында 135 жолаушымен бірге 17 экипаж мүшесі бар.