TOLONews агенттігінің хабарлауынша, жарылыс Президент сарайына жақын маңда, жергілікті уақытпен 13:30-да болған.
Ауғанстан Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, жанкешті лаңкес жергілікті полиция өкілдері байқап қалған сәтте өзін-өзі жарып жіберген. Соңғы деректерге қарағанда, кем дегенде 10 адам қаза тауып, одан көбірек адам жараланған.
Жарылысқа қатысты ресми мәлімдемелер болған жоқ, бірақ TOLOnews таратқан фотосуреттерден біраз жайттың беті ашылады.