Ауғанстан Бейбітшілік жоғарғы кеңесінің төрағасы Кәрім Халили сөз сөйлеген жиында белгісіз қарулы адамдар оқ атқан. Жиынға елдің премьер-министрі Абдулла Абдулла қатысып отырған. Екі саясаткер де зардап шекпеді.
Куәгерлердің айтуынша, атыс кезінде тәртіп сақшылары жиналғандарға қарата оқ шығаруға мәжбүр болған. Салдарынан 80-нен астам адам жарақат алған.
Кейін атысты бастаған екі адам салынып бітпеген ғимараттың ішіне жасырынған. Бес сағатқа созылған шабуыл кезінде олардың көзі жойылды.
Жақында ғана АҚШ-пен бейбіт келісім жасаған «Талибан» қозғалысының өкілдері, осы шабуылға еш қатысы жоқтығын мәлім етті.
Фото The Associated Press/Rahmat Gul