Кабулда автобус жарылысынан адамдар қаза тапты
00:24, 07 Қаңтар 2024
Кабулда автобуста болған жарылыстан кем дегенде екі адам қаза тауып, 14 адам жараланды деп хабарлайды Kazinform ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Ауғанстанның Khaama Press агенттігі Кабул полиция департаментінің өкілі Халид Задранға сілтеме жасап жазған.
Оның айтуынша, жарылыс сенбі күні кешке Дашт-е Барчи ауданында автобуста болған. Ол жарылыстың неден орын алғаны нақтыланбады. Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді.
Бұған дейін Hasht-e Subh газеті Кабул тұрғындарының қаланың батысындағы Дешт-е Барчи аймағында жарылыс дыбысын естігенін хабарлаған.