ҚР сыртқы саясат ведомствосы баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов мәлім еткендей, Ерлан Жампейісовтің мүрдесін тасымалдау мәселесі Кабулдағы қазақстандық дипломаттардың күш-жігерімен шешілді.
«Оның денесі Қазақстанға ҚР Сыртқы істер министрлігінің есебінен алдағы таяу күндері жеткізілетін болады», - деп атап өтті Ә.Жайнақов.
Еске салайық, Ауғанстанның Кабул қаласындағы «Intercontinental» қонақүйіне жасалған шабуыл салдарынан іссапарда жүрген Қазақстан азаматы ажал құшты. 1978 жылы туған Ерлан Жампейісов бизнесмен болған және Астана қаласында тұрған. Кабулға телекоммуникация саласында жұмыс атқаратын ауған компанияларының бірінің шақыруымен барған.