Кабулда Наурыз мейрамын тойлау басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстан астанасы Кабулда Наурыз мейрамын тойлау басталып, қала тұрғындарының бірқатары шаһардағы Сахи ғибадатханасының алдына жиылды. Мұнда түрлі шаралар ұйымдастырылып, дастархан жайылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ қала билігі биыл қасиетті орынның алдындағы мерекелік шараға қатысқан адамның қарасы өткен жылға қарағанда аз дейді. Себебі лаңкестік әрекеттер көбейгендіктен адамдар үрейлі.

Сонымен қатар, «Талибан» қозғалысының да әсері бар. Өйткені өткен ғасырдың соңында елді билеген тәліптер тұрғындардың Наурыз мейрамын тойлауына тыйым салған болатын.