Жергілікті биліктер өкілінің мәлімдеуінше, әскери көліктің апаты салдарынан оның бортындағы сегіз түрік әскері, сонымен қатар жердегі екі әйел және екі бала қаза тапты, деп ақпараттандырады РБК.
Тікұшақтың әуеде өртене бастап, содан кейін Баграми ауданындағы тұрғын үйдің үстіне құлағаны хабарланады. Апаттың себептері анықталу үстінде.
Оқиға орнына құқық қорғау органдарының өкілдері мен құтқарушылар аттанды. Әуе апатының жай-жапсарын тергеу амалдары жүргізілуде.