Кабулда жарылыс болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Полиция Кабул аудандарының бірінде жарылыс болғанын және құрбандардың болуы мүмкіндігін хабарлады, деп жазды Рейтер агенттігі.

Tolo телеарнасы Twitter-дегі өзінің парақшасында лаңкестер ауған билігінің өкілдері отырған автобусты көздеген болуы мүмкіндігін хабарлады. Оқиға қонақ үйдің маңында болған.

«РИА Новости»-дің жазуынша, соңғы айда Ауғанстандағы жағдай едәуір шиеленісе түсті. Елдегі "Талибан" радикалды қозғалысы ірі қалаларға шабуыл жасай бастады. Ел аумағында «Ислам мемлекеті» радикалды тобының да ықпалы күннен-күнге өсіп келеді.