АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Соңғы мәліметтерге сәйкес Кабулдағы Ливан мейрамханасында жарылыс салдарынан 21 адам қаза тапты. Мерт болғандар қатарында БҰҰ-ның төрт қызметкер мен Халықаралық валюта қорының Ауғанстандағы тұрақты өкілі бар, деп хабарлады ВВС.
Полиция мәліметтеріне қарағанда, шетелдіктер мен үкіметтік шенеуніктер жиі бас қосатын мейрамхана есігінің алдында жанкешті жарылғыш құрылғыны іске қосқан. Осыдан кейін мейрамханаға баса-көктей кірген 2 содыр оқ жаудырған. Дегенмен оларды қауіпсіздік қызметі өкілдері атып өлтірді.
Шабуыл барысында 8 ауғанстандық, сонымен қатар Канада, Ресей, Ливан және Ұлыбритания азаматтары қаза тапты. Бұл қанды оқиғаны тәліптер өз мойнына алып отыр.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.