Белгілі болғандай, Кабулда электр тарату желісінің құрылысына қарсы ереуіл кезінде екі ірі жарылыс болған.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, шабуылды 3 лаңкес ұйымдастырмақ болған. Алайда бірінің жарылғышы іске қосылмай қалады. Ал үшіншісін күш құрылымдары атып өлтірген. Рейтер агенттігі жарылыс үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы мойнына алды деп хабарлауда.