Кабулда жарылыс салдарынан президенттің екі күзетшісі мен 4 бейбіт тұрғын қаза тапты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстан астанасы Кабулда Ислам мемлекеті лаңкестік ұйымы жасаған теракт салдарынан 6 адам көз жұмды, деп хабарлайды Лента.ру.

Мотоциклге мінген жанкешті кептелісте тұрған шағын автобусқа барып жарылады.  Автобус ішінде мемлекеттік қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы қызмет адамдары отырған. Жарылыс салдарынан автобусқа зақым келді, қасында тұрған көлік тұтастай жанып кетті. Арнайы қызметтің екі адамы мен 4 бейбіт тұрғын көз жұмды. 13 адам жарақат алды, деп хабарлайды Reuters.

Ислам мемлекеті жарылысқа қатысты жауапкершілікті өз мойнына алды.