Ауғанстан ІІМ басшысының орынбасары Мохаммад Аюб Саланги мәлім еткендей, түрік дипмиссиясы маңындағы тұрақта тұрған Түркия елшілігінің көлігіне шабуыл жасалған.
Жарылыс салдарынан жүргізуші қаза тапты, бір адам жарақаттанды, деп хабарлады ІІМ басшысының орынбасары.
Бұл қылмысқа жауапкершілікті Талибан қозғалысы мойнына алды. БАҚ-қа таратылған хабарламада талибтер шабуыл нысаны «шетелдік көлік легі» болғанын хабарлаған.