Кабулдағы шабуыл: 8 адам мерт болып 28-і зардап шеккен
16:30, 04 Тамыз 2021
КАБУЛ. ҚазАқпарат – Ауғанстанның астанасы Кабул қаласында елдің қорғаныс министрінің міндетін атқарушының үйіне жасалған шабуылдың салдарынан кем дегенде сегіз адам мерт болды. Бұл туралы ҚазАқпарат TOLO News телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ауғанстанның Ішкі істер министрлігінің дерегінше, тағы 20 адам зардап шеккен. Шабуыл 3 тамыз күні түнде жасалған.
Әзірге қосымша ақпарат берілмей отыр.