АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбінің түніне Париждегі Эйфель мұнарасының шамдары 1 сағатқа өшірілетін болды. Бұл шара сенбі күні 100 адамның өмірін жалмаған Кабулде болған теракт құрбандарын еске алу мақсатында ұйымдастырылғалы отыр. Бұл туралы Франция астанасының мэрі Анн Идальго мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.
«Бүгін кешкісін Кабулдың орталығында болған аюандықпен жасалған теракт құрбандарының құрметіне Эйфель мұнарасы сөнеді»,-деп жазды ол.
Идальгоның айтуынша, Париж осы әрекеті арқылы өздерінің Ауғанстан халқымен бірге екендіктерін көрсетпек.
«Париж бен оның тұрғындары қазір терроршылардың жабайылықпен жасаған кезекті әрекеттерінің құрбаны болып отырған ауған халқымен бірге»,-деді мэр.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.