Кабулдағы университетте жарылыс болды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кабулдағы маршал Фахим атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне жақын маңда сейсенбі күні жарылыс болып, 15 адам жараланды, 5-еуі мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pajhwok агенттігіне сілтеме жасап.

Ауғанстан ІІМ мәліметінше, лаңкес өзін-өзі жарып жіберген.

Агенттіктің ақпаратына қарағанда, қаза тапқандар - ауған әскери қызметшілері мен қарапайым тұрғындар.