Кабулдағы жарылыстан қаза тапқандар саны 80 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанның астанасы Кабулда болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 80 адам болды, сондай-ақ 231 адам зардап шеккен, деп хабарлайды Ауғанстан Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Лента.ру.

Ведомство мәліметінше, шабуылды 3 лаңкес ұйымдастырмақ болған. Алайда бірінің жарылғышы іске қосылмай қалады. Ал үшіншісін күш  құрылымдары атып өлтірген.  ІІМ сонымен бірге қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында күш құрылымдарының  қызметкерлері бар екенін атап өтті. Олар ереуіл кезінде оқиға орнында болған.

Бұған дейін хабарлағандай, ҚР Сыртқы істер министрлігі Кабулдағы қазақстандықтар туралы мәліметтерді тексеріп жатыр.

«Қазіргі кезде Сыртқы істер министрлігі мен Кабулдағы Қазақстан елшілігі Ауғанстанның құқыққорғау органдарымен байланысқа шығып, Кабулдағы теракт кезінде зардап шеккен    Қазақстан азаматтары бар-жоғын анықтауда», - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.