Кабулде Үндістан елшілігінің жанында жарылыс болды

АСТАНА. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат -    Кабулде   жергілікті  уақыт   бойынша сағат 08.38-де    Үндістан  Елшілігінің  жанында     үлкен жарылыс болды,

 деп   хабарлайды «РИА  «Новости»   агенттігі.

Жарылыстың  қуатты болғаны соншалық,    қаланың екінші     шетіндегі  ресейлік  дипломатиялық  өкілдіктегі    үйлер  де  сілкінген.  Полицияның  мәліметтері  бойынша,    жанкешті-лаңкес    мина қойылған   көлікті жарған. Алдын ала мәліметтер бойынша, лаңкестіктің  салдарынан   10-ға  жуық  адам    қаза тапты,  бірнеше  ондаған  адам   жараланды. Көптеген    дүкендер мен  сауда     орындары қираған.

Елдің  Денсаулық   сақтау министрлігінің  мәліметтері  бойынша,   қазіргі  уақытта    жақын   жердегі     госпитальдарға    қаза  тапқан 7 адамның   денесі және   ондаған  жаралы адам  жеткізілген.