Кабулде Жоғарғы сот ғимаратының маңында жарылыс болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жарылыс Ауғанстан астанасының орталығында Жоғарғы сот ғимаратының маңында орын алған, деп хабарлады сейсенбі күні Рейтер агенттігі куәгерлерге сілтеме жасап.

«Би-би-си» мәліметіне сүйенсек, жарылыс салдарынан кемінде 20 адам қаза тауып, 45 адам зардап шеккен.

Алдын ала дерек бойынша, жарылысты жұмыс күні аяқталып, Жоғарғы сот қызметкерлері ғимараттан шығып бара жатқан уақытта лаңкес жасаған.

Хабарланғандай, жарылыс орнына көптеген жедел жәрдем машиналары келген.

Терактіні әзірге ешкім өз мойнына алған жоқ.