Куәгерлердің айтуынша, қабылан қоршаудың жанында тұрған мемлекет басшысына қарай секіріп, бетіп тырнап алған көрінеді. Кхама өкілінің мәліметінше, абырой болғанда жануар президентке ауыр жарақат келтіре алмады.
00:16, 30 Сәуір 2013
Қабылан Ботсвана президентінің бетін тырнап тастады
АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Ботсвана Президенті Ян Кхама қабыланмен кездесуі салдарынан бетін тырнатып алды. Президент өкілінің сөзіне қарағанда, бұл оқиға әскери казармаларда орын алды. Бұл жайында ВВС хабарлады.