Қабылданған шаралар бағаның өсуін тежеуге оң ықпал етуі тиіс – Премьер-Министр

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұрақтандыру қорларына ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу үшін форвардтық келісімшарттарды уақытылы бекіту бойынша әкімдіктердің жұмысын үйлестіру керек.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі күрделі кезеңде еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызы зор. Мемлекет басшысы егіс науқанын ерекше бақылауға алуды тапсырды. Ауыл шаруашылығы министрлігі Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу жөніндегі жедел штабта шаруаларды тұқыммен, тыңайтқыштармен, жанар-жағармаймен, техникамен және сумен қамтамасыз етуге күнделікті мониторинг жүргізуі тиіс», - деді Ә. Смайылов.

Сонымен қатар Үкімет басшысы тұрақтандыру қорларына ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу үшін форвардтық келісімшарттарды уақытылы бекіту бойынша әкімдіктердің жұмысын үйлестіруді тапсырды.

«Барлық қабылданған шаралар бағаның өсуін тежеуге оң ықпал етуі тиіс. Халқымыз бізден осыны күтіп отыр», - деді Премьер-Министр.