Қабылданған жаңа әскери доктрина ҚР Ішкі әскері алдында жаңа міндеттер жүктейді ? ІІМ Ішкі әскер Қолбасшысы
18:24, 28 Қаңтар 2009
АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Қабылданған жаңа әскери доктрина ҚР Ішкі әскері алдында жаңа міндеттер жүктейді.
Бұл туралы бүгін брифингте Ішкі әскер қолбасшысы, генерал Руслан Жақсылықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Бұл ең біріншіден қарулы диверсияға, қаскүнемдікке қарсы күрес, террорлық актілерге тосқауыл, ұйымдасқан қылмыстық топтарды әшкерелеп, аса ауыр қылмыстардың және қарулы қақтығыстардың жолын тыю болып табылады. Соған орай әскердің, ұйымдастыру-штаттық құрам қызметкерлерінің жауынгерлік қабілетін арттыру шаралары қабылданды. Өзіне тән міндеттерді орындайтын «Бүркіт» арнайы жасағы құрылды», деді қолбасшы.Р.Жақсылықовтың айтуынша, былтыр «Бүркіт» арнайы жасағы Ішкі істер органдарымен бірлескен шараларға қатысып, бірнеше ауыр қылмыстың бетін ашты. Жасақтың күшімен бірнеше килә есірткі заттары алынды.